11.02.2019, 15:06
Оқылды: 56

Бәйтеректегі төрт елді мекенге таза ауыз су жететін күн жақын

Бәйтерек ауданында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXV конференциясы өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Асхат Шахаров пен оның орынбасарлары, аудандық партия мүшелері қатысты.

 baiterek (1)

-«Нұр Отан» партиясының өз қызметін атқарып келе жатқанына 20 жыл. Осы жылдар ішінде атқарып келе жатқан жұмыстары мен бастамалары аз емес.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы басталған 2009 жылдан бері ауданда 565 маманды баспанамен қамтуға 1,6 млрд. теңге бюджеттік несие берілді. Ал 668 маманға 79 млн. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасын табатын болады, - деді Асхат Берлешұлы.

Аудан басшысының айтуынша, 2018 жылы ауданда аумағы 20801,0 шаршы метрді болатын баспана салынды. Тұрғын үй санының артуы әсіресе, ауданымыздағы ірі ауылдық округтер Мичурин, Трекин және Достықта артып келеді. Аталған ауылдық округтерде инженерлік инфрақұрылым бар. Биыл аудан орталығына қарайтын Калининда 2 екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үй, Мұнайшы шағынауданында бір қабатты бір пәтерлі 23 тұрғын үй салынбақ.

-Мемлекеттік бағдарлама және жеке серіктестік аясында 3 жобаны жүзеге асыру жұмысы жүргізілуде. Оның бірі Переметный, Калинин, Үлкен Шаған, Көшім, Дариян, Мичурин және Асан ауылдарына бейнебақылау камераларын орнату. Екіншісі Переметный, Үлкен Шаған, Дариян, Мичурин ауылдарындағы көше шамдарын энергия үнемдейтін диодты шамдарға ауыстыру. Ал үшіншісі Переметный ауылындағы ауылішілік 14 көшенің, ұзындығы 15,4 шақырым болатын жолды күрделі жөндеу, - деді Асхат Шахаров.

Аудан әкімі бұдан бөлек, газ және ауыз су мәселесіне байланысты атқарылып жатқан бірқатар жұмысты да айтты. Мәселен, Поливной, Октябрьск, Асан және Үлкен Шаған елді мекен тұрғындарын ауыз сумен қамтуға жобалық-сметалық құжат жасақталған.

Конференция барысында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев және Щапов мектебінің директоры, бастауыш партия ұйымының төрайымы Аймекен Бақтығалиева «Нұр Отан» партиясының 20 жылда жеткен жетістіктері мен алған асуларына тоқталды.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале