30.04.2020, 15:52
Оқылды: 54

Бәйтеректік ардагерді құттықтады

Өткен аптада «Жайық Пресс» ЖШС Бәйтерек филиалының директоры Ертай Бимұханов ардагер журналист Надежда Зайкинаны 70 жасқа толу мерейтойымен құттықтады.

 42C547A6-C822-4BC3-A879-834B79F848EB

Облысқа танымал журналист Надежда Павловна көп жылдар бойы аудандық «Ауыл тынысы» газеті редакциясында абыройлы қызмет атқарды. Газеттің жауапты хатшысы лауазымына дейін жоғарылап, қаншама маман-кадрлар дайындап, зейнеткерлікке шыққан.

Аудандық басылымның гүлденуі мен өркендеуіне зор үлес қосқан еңбек ардагерін құттықтаған аудандық басылым басшысы Ертай Сағындықұлы мерейтойы иесіне құттықтаухат пен естелік сыйлық табыстады.

Ардагер журналист редакция ұжымына алғысын айтып, елімізге береке-байлық, тыныштық тіледі.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы

Бәйтерек ауданы

 Суретті түсірген Артур Рысқалиев

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале