22.05.2020, 9:11
Оқылды: 53

Бәйтеректік ардагерге құрмет көрсетілді

Күні кеше ғана Бәйтерек ауданының өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, әлі де қоғамдық жұмыстан қол үзбей келе жатқан аудандық қоғамдық Келісім кеңесінің төрағасы, Бәйтерек ауданының Құрметті азаматы Қадырбай Абдушевтың мерейлі 70 жасқа толуына орай құрмет көрсету шаралары өткен болатын. 2E6AEBC6-A76E-4A20-8866-49B044E89728

Мерейтой иесін аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқанов қабылдап, облыс әкімі Ғали Есқалиев пен Бәйтерек ауданының әкімі Марат Лұқпанұлының алғысхаттарымен марапаттап, мерейлі жасымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Құттықтаушылар мен лебіз білдірушілердің қатарында аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов пен "Nur Otan" партиясының Бәйтерек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалымжан Мендалиев те болды.

Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбегін ескерген әріптестеріне Қадырбай аға өз алғысын білдірді.  

Аудандық «Ауыл тынысы» газеті редакциясы ұжымы да газеттің белсенді оқырманы, жанашыры Қадырбай Абдушевті өмірінің айтулы белесі 70 жасқа толу мерейтойымен құттықтайды.

 Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале