8.05.2019, 17:20
Оқылды: 24

Бәйтеректік ардагерлерді құттықтады

Бүгін Бәйтерек ауданының әкімі Асхат Шахаров аудан орталығындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қабдисат Избасов және Макар Дорошенконың шаңырағында болып, бейбіт күн сыйлаған ардагерлерді Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, сыйлық табыстады.

 ардагер 2

-Бүгінгідей бейбіт заманның мәңгі орнауы сіздердің ерліктеріңіздің ерен үлгісі. Сіздердің соғыс даласында көрсеткен жанқиярлық ерліктеріңіңіз жас ұрпаққа өнеге.

Егеменді еліміздің аспаны әрқашан ашық, ардагерлеріміз ұзақ ғұмыр жасасын! - деген аудан әкімі облыс әкімі Алтай Көлгіновтің және «Юнисерв» құрылыс компаниясының атынан сый-сияпат ұсынды.

Аудан әкімінің ыстық ықыласына риза болған ардагерлер алғысын білдіріп, бата берді.

Айта кету керек, ардагерлерге аудандық мәдени-демалыс орталығы жанындағы үрмелі аспаптар ансамблі мерекелік көңіл күй сыйлап, өнер көрсетті.

Ертай Бимұханов,

суреттерді түсірген  Сәлім Мәмбетәлиев

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

ардагер 3 ардагер 4 ардагер 5 ардагер ардашер 6

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале