4.08.2020, 10:19
Оқылды: 76

Бәйтеректік дәрігерлерге қымыз таратылды

Covid-19 індетін жұқтырғандарды емдеуші дәрігерлерді қолдау мақсатында «Jas Otan» жастар қанатының облыстық филиалы бастаған «Ақ халатты абзал жандар ауырмасын» акциясы Бәйтерек ауданында да қолдау тапты.

65997C78-0EC5-46DD-A1CF-4464B7AAE8D4

Күні кеше аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық мамандары мен жастар және волонтерлар аудандық орталық аурухана дәрігерлеріне қымыз таратты.

CBDF70B8-B71F-4529-AFF2-DC0C7C8DBB4A

-Бәйтерек жастары аурумен күресте алдыңғы қатарда жүрген дәрігерлердің еңбегін жоғары бағалайды. Оларды қашан да қолдауымыз керек. «Jas Otan» жастар қанатының облыстық филиалы осындай тамаша акцияны қолға алғанын естіген бойда біз де іліп алып кеттік. Ресурстық орталықтан арнайы қаражат бөліп, Жаңақала ауданы жағынан қымыз алдырдық. Емдік сусын толықтай дәрігерлерге таратылды,- дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Алма Төлепқалиева.

576777A2-8F90-4852-9577-F9FE8C1F8AC5

Алма Шапбазгерейқызының айтуынша, бұл акция әлі де жалғасын табады екен.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале