8.07.2020, 17:07
Оқылды: 223

Бәйтеректік кәсіпкер ауылға спорт кешенін салуда  

Бәйтерек ауданы Погодаев ауылында «Асан Ауыл» ЖШС өз қаражатына спорт кешенін тұрғызуда. Сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары күз ортасына таман аяқталады деп күтілуде. 983BD513-1F17-43BF-9B0C-C594CA6C152C

Кешеннің жалпы көлемі 24х18 шаршы метр. Ішінде спорт зал, концерт орны, душ және киім ауыстыратын бөлмелер болады. Барлық жаңа заманғы талаптарға сай келетін кешендегі спорт залда волейбол, баскетбол және шағын футбол жарыстарын өткізуге болады. Спорт ғимаратының жалпы құны жүз миллион теңгеден асады.

-Ауылға көпбейінді спорт кешенін салу бұрыннан мазалап жүрген ой еді. Былтыр іске асырудың сәті түсті. Сол жылы жобалық-сметалық құжаттамасын жасатып, көктемде іске кірістік. Құрылысқа қажетті құрал-жабдық толықтай жеткізілді,-дейді «Асан Ауыл» ЖШС-нің басшысы Бейбіт Асанов.

Бұл кешен елжанды азаматтың ауыл үшін жасаған алғашқы көмегі емес. Ғасыр басында қолда бар материалдардан өз қаражатына ауылға стадион мен балалар ойын алаңын салып бергенін де көзі қарақты ағайын біледі.

Николай Берендяев,

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале