27.10.2020, 15:43
Оқылды: 31

Бәйтеректік қолөнер шебері «Жаныңда жүр жақсы адам» акциясының қонағы болды

«BIZBIRGEMIZ: Asyl мura» жобасы аясында Бәйтерек ауданы Янайкин ауылдық округінің жастары «Жаныңда жүр жақсы адам» атты ерекше акцияны қолға алды. Ауылдағы «Мейірім» еріктілер тобы мен мәдениет қызметкерлерінің бастамасымен іске асырылып жатқан акцияның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетіп, тағдыр сынына мойымай, өмірден өз орнын тапқан жандардың үлгі болар істерін дәріптеу.

янайкин3

Янайкин жастарының жаңа бастамасының бұл жолғы қонағы былғарыдан неше түрлі бұйымдар жасап, республикалық көрмелердің қатысушысы атанып жүрген Арман Айтпаев болды.

Жастармен кездесіп, өзінің өімірі мен өнері жайында әңгіме өрбіткен Арман Шатокұлы қолөнерінің қыр-сыры жайында да мағлұмат беріп өтті. Кездесу барысында жастар жағы арман шебердің қолынан шыққан бұйымдарын тамашалап, өздерін толғандырған сұрақтарын да қойды.

Осынау шарға шақырып, ерекше көңіл бөлген жастар мен ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірген Арман шебер кездесу соңында таза былғарыдан жасалған домбыра қабын ауыл клубына сыйға тартты.

янайкин

- Жоба аясындағы ең алғашқы кездесуіміз ақпан айында өткен болатын. Сол кезде арнайы «Мейірім» еріктілер кабинетін ашып, Әлібек Жұбанышов ағамызды қонақ қылдық. Кейін індетке байланысты жобамыз тоқтап, енді жалғасын тауып жатыр. Мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, оларды қоғамнан алыстатпай, алдағы уақытта жобамызды жалғастыратын боламыз, - дейді Янайкин ауылдық клубының директоры Мирас Шамашев.

Аружан Болатбек,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале