2.12.2020, 15:23
Оқылды: 31

Бәйтеректік тұрғын масаң күйінде көлік жүргізген

Өткен айдың соңғы күні Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылындағы Элеваторная және Борисюк көшелерінің қиылысында орнатылған жол белгісін көлігімен қағып кеткен жан оқиға орнынан із суытқаны белгілі болды.көлік1

Көп ұзамай аталған орынға барған полиция қызметкерлері Е.Неткалиев пен Д.Халиуллин қажетті тексеріс жұмыстарын жүргізіп, белгіні қаққан 1958 жылы туған Б. есімді азамат екенін анықтаған.

Тексеру кезінде Б. көлікті масаң күйінде жүргізгені белгілі болды. Сонымен қатар оның сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

Қазір оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 2 бөлігіне сәйкес іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Полиция бөлімінің берген мәліметіне сенсек, жыл басынан бері аудан аумағында мас күйінде көлік жүргізген 77 адам ұсталыпты. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда 30 фактiге жоғарылаған.

Осы орайда полиция барша көлік иелерін жол жүру ережелерін қатаң түрде сақтауға шақырады.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале