2.12.2020, 17:03
Оқылды: 46

Бәйтеректік туристер қуантты

Жуырда өлкетанушы, академик Т.Жездібаевты еске алуға арналған дәстүрлі тау туризмі техникасы бойынша жарыс ұйымдастырылды.

 kisspng-annapurna-massif-backpacking-hiking-trekking-clip-trekking-5b2ef4a95b3156.5182016215298039453735

Карантин шектеулеріне байланысты онлайн режимде өткен жарысқа Бәйтерек ауданының Ульянов және Белес орта мектебінің оқушылары қатысты.

Тауға шығу техникасы және жеке белгілі бір дистанцияны бағындыру сияқты кезеңдерден тұрған сайыс қорытындысында Ерасыл Жолдығали, Жалғас Аяп, Элдар Гумаров және Алия Бекешова сияқты спортшылардан құралған аудан командасы II орынды иеленді.

Байрақты бәсекеде өнер көрсеткен барлық спортшыға мақтау қағаздары мен медальдар табысталды.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале