19.06.2019, 17:34
Оқылды: 138

Бәйтеректіктер Дос Көшіммен кездесті

Бәйтерек ауданында өткен «Ономастика – мемлекеттік идеологияның негізі» тақырыбындағы кездесуге елімізге белгілі саясаткер, қоғам қайраткері Дос Көшім, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабыр қатысты.

 

 Изображение 022

- Ономастикалық өзгерістер бір өңірлерде жылдам, ал енді бір өңірлерде баяу жүргізілуде. Жаңа көшелерге атау беру оңай шығар, бірақ біздің алдымызда бұрынғы кеңес өкіметінен қалған атаулардың ауысу кезеңі басталды. Басқа мемлекеттерде бұл мәселе 1990 жылдары аяқталды.
Ономастикалық атаулардың ауысуының үш бағыты бар. Бірінші, идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды ауыстыру. Екінші, бұрынғы тарихи атауларын қайтару. Үшінші, адам аттарын беру. Бізге кісі есімін көбіне-көп көшелерге беретіні айқын. Мәселен, есімді берерде сол адамның еліне жеріне сіңірген еңбегі ескерілуі қажет, - деді Дос Көшім.

Изображение 013

Жиын барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойды.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале