20.01.2020, 19:37
Оқылды: 161

Бәйтеректіктер республикалық жарыста сәтті өнер көрсетті

Жуырда Алматы қаласында туристік көпсайыстан В.М.Чепелді еске алуға арналған республикалық жарыс өтті.

baiterek s (1)

Еліміздің барлық өңірінен турист-спортшылар қатысқан бұл жарыс жеке қашықтық, топтық қашықтық, байлам қашықтықтары бойынша өткен.

Бір қуанарлығы құрамында Эльвина Оңғарова, Эльдар Ғұмаров және Ерасыл Жолдығали ынды бәйтеректік өрендер бар «Batys West» командасы екі бірдей жас ерекшелігі бойынша жүлдеге ілікті. Нақтырақ айтсақ, жасөспірімдер арасындағы бәсекеде өңір командасы ІІІ орынға табан тіресе, балалар арасындағы жарыста облыс намысын қорғаған өрендер жеңімпаз атанды.

Қанағат Белгиев пен Аслан Ғұмаров сынды бапкерлерден тәлім алып жүрген спортшыларымыз әлі талай бәсекеден жеңіспен ораларына сенім мол.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале