11.08.2020, 15:44
Оқылды: 28

Бәйтеректің әкімі құрылысшыларға құрмет көрсетті

Бүгінде Бәйтерек ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды. Жыл сайын мектептерге күрделі жөндеу жүргізіліп, бүтіндей шағынаудандар бой көтеруде. Биылдың өзінде аудан орталығындағы көшелерге жол төселіп, бірнеше білім ордасы толықтай жөнделіп жатыр. Осының барлығы құрылысшылардың еңбегінің арқасында жүзеге асуда. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты көптеген шараларды ұйымдастыру тоқтатылғанына қарамастан құрыш қолды құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтауды жөн санаған аудан басшылығы сала мамандарына құрмет көрсетті.

F637EB5B-300B-4C75-8603-712567D0B5F4

-Құрметті аудан құрылысшылары!Сіздерді өткен кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Алдағы уақытта да тың табыстарға жете отырып, абыройларыңыздың арта беруіне шынайы тілектеспін!

Құрылыс саласы қоғамымыз бен өміріміздің күрделі әрі кешенді жүйесі. Сондықтан, сіздің қызмет – құрметті де мәртебелі мамандық. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының жедел дамып, қазіргідей көз тартар көрікке енгені құрылысшылардың аянбай еткен еңбегінің арқасы. Сондай-ақ ауданымызда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстары да аталған сала мамандарының жемісті еңбегінің көрсеткіші. Ел Үкіметі құрылыс саласын дамытуға, құрылысшылардың қарқынды еңбегін қамтамасыз етуге мықтап назар аударып келеді. Бұл қазақстандықтардың осы заманғы әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруға бағытталған үлкен міндеттерден туындайды. Сол себептен құрылысшыларды өткен төл мерекесімен құттықтай отырып, әр істеріңізге ризашылығымызды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, бірлік пен ынтымақ, отбастарыңызға амандық және атқарып жатқан жұмыстарыңыздың жемісті болуына тілектеспін,- деді аудан басшысы Марат Тоқжанов өз құттықтауында.

D7776402-86E3-42EB-8996-A9C38376364C

Одан соң жұмысын адал атқарып, ауыл-аймақтың гүлденуіне сүбелі үлес қосқан мамандарға аудан әкімі атынан алғысхаттар табысталды.

-Төл мерекемізді кеше ғана атап өткен едік. Бүгін жұмысымызды басшылық бағалап, алғысхат ұсынуда. Еңбегіміздің еленгені жақсы. Бұл марапат ісімізді одан әрі жеделдетуге және сапалы жасауға қосымша күш береді. Ең маңыздысы аяқтаған жұмысымызға жергілікті халықтың оң баға бергені,- деді шара соңында құрылысшы Еркін Қожақов.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале