18.03.2019, 17:23
Оқылды: 21

Балалар ауылындағы Наурыз тойы

Сырымдық жастар «Мейірім көктем» қайырымдылық акциясы аясында Орал қаласындағы отбасылық үлгідегі балалар ауылына барып, Наурыз тойын ұйымдастырды.

 

????????????????????????????????????

Өздерінің қайырымдылық істерінің жария болғанын, аттарының аталғанын қаламайтын жастар бар. Балалар ауылында мереке ұйымдастыру ұсынысын да сондай жастар көтерді.

-Ұсыныс әлеуметтік желі арқылы үлкен қолдау ие болды. Тіпті арнайы есепшот аштық. Бір аптаға жетер-жетпес уақытта 200 мыңның үстінде қаржы жиналды. Біреулер балаларға арналған дастархан жаюға көмектесті. Ал біреулер ұйымдастырушыларды көлікпен қамтамасыз етті. Бұл шара қоғамда қайырымды адамдардың бар екенін дәлелдеді, - дейді ұйымдастырушылардың бірі белсенді жас Ақеділ Нұрмашев.

Наурыз тойы балалар ауылының ауласынан бастау алды. Сырым елінің ақсақалдары, атқа мінген сал-серілері, жастары ұлттық киіммен ағылып, аулаға кіріп келгенде, тарих тіріліп кеткендей болғаны рас. Ауылдың қонақтарын ұстаздар дәмімен, балалар әнімен қарсылады. Домбыраны қолға алып жіберіп, сырымдық әншілер сәлемді әнмен қайырғанда, балалар ауылында кәдімгідей қазақ даласының думаны басталды.

Балалар ауылында мемлекеттік тілдегі тәрбие бірінші орынға қойылған. Бұл жерде бәрі қазақша сөйлейді. Бұл жағынан олар қаланың бетке ұстар мектептеріне үлгі.

Өңірімізге танымал әншілер ән салып, балаларды Наурыз мейрамымен құттықтады. Жымпиты халық театрының актерлары «Сенімді дос» ертегісін қойды. Балалар ауылының атынан Азамат пен Әсет Қуатовтар, «Master Dance» бишілер тобы өнер көрсетті. Ұлттық ойындар өз алдына бөлек қызық болды.

Шараның соңында ұйымдастырушылар музыкалық аппарат, сахна жарықтары, домбыра және тоғызқұмалақ тақталарын сыйлады. Бұл сыйлықтардың бәрі демеушілердің қаржысына сатып алынды.

P.S. Батыс Қазақстан облыстық «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесінде қазір 10 үй бар. Оның біреуі – жасөспірімдер үйі. Қалған 9 үйде 61 бала тұрып жатыр. Олар қала мектептерінде білім алады.

         Мекеме директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнұр Кенесаринаның айтуынша, балалар ауылында балалар саны азайып келеді. Балаларды қаны бір жанұяларына оралту, патронаттық тәрбиеге беру сияқты жұмыстар жасалып, былтыр 20 шақты бала отбасының жылы төсегіне ауысқан.

balalar uii (4)

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

         Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале