3.12.2019, 18:29
Оқылды: 426

Балалар неге жиі ауырады?

Теректі ауданыың Шаған ауылдық округіне кезекті іс сапармен бара жатыр едік. Жүргізуші жігіт қасындағы досына балабақшаға баратын қызының жиі ауыратынын айтып, шағымданып келе жатты. Үлкен қызы мен қатар кішкентайы да ауырып, мазалары қашып жүр екен.

-Қызымның жасы екіден асты. Балабақшаға биыл ғана бердік. Содан бері аурудан көз ашпадық. Екі күн барып, екі апта ауырады. Дәрі-дәрмек қымбат. Айына кем дегенде екі рет ауырады. Масқара емес пе? Меніңше, балабақшадағы тәрбиешілер ыстық болған соң, есік-терезелерді ашып қоятын сияқты. Алдында 10 мың теңгеге дәрі алдық. Енді емделді-ау дегенде, қайтадан ауырды. Балабақшаға апармаймыз деп шештік, - деді жүргізуші жігіт. Шаршаңқы даусы соңғы сөзін айтқанда қалтырап кетті. Жанындағы жігіт досының жағдайын сезген болса керек,әңгімені басқа арнаға бұрды.

bala

Мұны естіп мен де ойға қалдым. Балалары балабақшаға баратын таныстарымның, жақындарымның бәрінің айтатыны бірнәрсе. Содан аудан орталығы Федоров ауылындағы «Ақжелкен» және «Ақбота» балабақшаларының директорларына хабарластым.

- Аягөз, сіз менің ойымды оқып қойыпсыз ғой, - деп күлді телефонның арғы жағындағы «Ақ желкен» балабақшасының директоры Мәншүк Дүйсеналиева. - Күні кеше әріптестеріме ата-аналармен жиналыс өткізіп, медбикелерді шақырып, балалардың жиі ауыруының себебін түсіндірейікші деп жатыр едім. Сіз де сол тақырыпты қозғағалы жатыр екенсіз, - деп әңгімесін бастады:

- Біздің балабақшадағы 5 топта 119 бала тәрбиеленуде. Екі жастан бастап қабылдаймыз. Барлық жағдай жасалған. Әртоптың жасына сай лайықталған жиһаздары бар. Кіші топтағы балалар тәрбиеленетін бөлмелердің едендері жылытылған. Тәрбиеленушілер жастарына сәйкес ойын алаңдарында ойнап, демалады. Сағат 8.30-да қабылдауды тоқтатамыз. Барлығы жиылған соң, таңғы жаттығу жасайды. Содан соң таңғы ас ішеді. Сағат 11:00-де балаларғажеміс-жидектер береміз. Түскі астан кейін тынығу уақыты. Сағат 16:00-де қосымша тамақтанады. Тағамның барлығы арнайы тексерістен өтеді. Кейбір балалардың сүтке немесе жемістің бір түріне аллергиясы болады. Балабақшаға қабылдаған кезде ата-анасынан әр баланың жағдайын сұрапаламыз. Өкінішке қарай, кейбір аналар балаларының денсаулығы жөнінде дұрыс ақпаратбермейді. Жасырып қалатындары да жетерлік. Тәжірибемізде мұндай оқиғалар жиі кездесті. Мұндай жағдайларда дәрігеріміз ата-аналармен жекежұмыстанып, балаға салғырт қарамау қажеттігін түсіндіреді. Қазіргі балалар таза ауада көп жүрмейді. Қыс мезгілінде далада қармен ойнап жүрген бала таппайсың. Балаларын балабақшаға алып келе жатқан ата-аналарды терезеден бақылап тұрып, қайран қаламын. Үйден шықпайтын бүлдіршіндерді балабақша ауласына дейін машинамен әкеледі де, аузы-мұрнын бүркеп, жүгіріп, ғимаратқа енеді. Сосын «Баламыз тұмауратып қалады. Сыртқа серуенге шығармаңызышы» деген өтініштерін айтады. Балабақшадан алған соң қолдарына телефон беріп қояды. Үйден түрлі чипсы, кириешки сынды ағзаға зиян тағамдарды жегізеді. Ондай құнарсыз тамақтар иммунитет көтермейтіні анық қой. Барлық ата-аналар сондай деп жатқан жоқпын. Үйден балаларын қатаң қадағалайтын, денсаулықтарына алаңдайтындары да бар. Бірақ, бірен-саран. Жас ата-аналар балаларын өбектеп, дегенін істейді, қалағанын алып береді. Осындай қатты «балажан жандардың» кесірінен ештеңенің байыбына бармайтын, есін білмейтін бөбек ауырып қалып, зардап шегеді. Бесіктен белі шықпай жатып, түрлі антибиотиктерді қабылдаған балада қандай иммунитет болсын? Осындай қателіктерге жол беретін ата-аналар «Балабақшаға бармас бұрын сап-сауеді. Балабақшадан ауырып қалды» деп ойбайлап шығады, - деді балабақша басшысы.

Мәншүк Оралбайқызын толғандыратын мәселелер қатарында бөбектердің жиі ауыруымен қатар тілдерінің кеш шығуы бар. Соңғы жылдары бұ лбалабақшада логопед мамандардың көмегіне жүгінетін балалар саны артыпты. Балаларын маманға көрсетуге намыстанатын кейбі рата-аналар мектепке баратын уақытта тілі шықпаған баласын сөйлетпекші болып, жанталасады екен.

-Балаларға қарап, ата-аналарының қаншалықты көңіл бөлетінін білуге болады. Дамуында ақау жоқ баланың тілі шықпауы мүмкін емес.Үйде сөйлеспеген соң, балалардың тілі өте жай шығады деп ойлаймын. Себебі, кейбір екі жастағы бүлдіршіндер балабақшаға төрт жол өлеңді жатқа айта алатындай жағдайда келеді, - деп Мәншүк Оралбайқызы біраз сауалыма жауап берді.

74 бала тәрбиелеп жатқан «Ақбота» балабақшасының директоры Нұргүл Умержанова (суретте) балабақшаға бірінші рет келген бүлдіршін үшін алғашқы ай бейімделу кезеңі болатынын атап өтті.

- Бейімделу дегеніміз бала ағзасының жаңа жағдайға үйренуі. Кез келген бүлдіршінге жаңа бөлменің, жаңа ойыншықтардың, жаңа адамдардың, жаңа өмір ережелерінің бір мезетте ұсынылуы эмоционалды түрде әсер етеді. Нақты күн тәртібі, ата-ананың жоқтығы, құрбыларымен қарым-қатынас, жаңа талаптар, жаңа орта бала психикасына ауыр жүк. Нәтижесінде ұйқысы бұзылып, тәбеті жоғалып, бала жиі ауырады. Осыны ата-аналарға түсіндіреміз. Балалардың ауырып қала бергенін біз де қаламаймыз. Олардың көңіл-күйінің көтеріңкі, денсаулықтарының мықты болуы үшін қолымыздан келгенді жасаймыз. Балабақша тазалығын, тағамдардың сапалы болуын қадағалаймыз, - деді Нұргүл Сәбитқызы.

Қос директор балалар жоқ уақытта қызметкерлерінің бөлмелерді желдетіп алатынын, күн сайын ойыншықтар жуылатынын, әр топтың кабинеттерінде кварц барын айтты.

Балалары балабақшаға баратын аудандық орталықтандырылған аурухананың акушері Ұлпан Ғалымжанова (суретте) бейімделу кезінде балалаларының жиі ауырғанын жеткізді:

- Баланың балабақшаға бейімделу дәрежесін оның психикалық және физикалық денсаулығы анықтайды. Балаларда жиі кездесетін бірқатар ауру түрлері бар. Сол аурулардың алдын алу шаралары оларды жұқтырмауға, ал уақтылы емдеу асқындырып алудан аулақ болуға көмектеседі. Көптеген ата-аналар балалары балабақшаға барғанда міндетті түрде ауырады деп қорқады. Ондай қатып қалған қағида жоқ. Егер ата-аналар баласының денсаулығына кішкентай кезінен немқұрайлы қарамаса, әрқашан аурудың алдын алу шараларын толық орындап, дер кезінде емдесе, уайымдауға жол жоқ, - дейді ол.

Педиатрлар балабақшаларда балалар санының көп болуына байланысты сырқаттанған адамсырқатын екінші, үшінші және тағы басқа балаларға жұқтыру мүмкіндігі жоғары екенін айтады. Сондықтан ата-аналардың балаларының қандай аурумен жиі ауыратынын,олардың белгілері мен емдеу жолдарын жатқа білуі маңызды.Ендеше, түртіп алыңыз.

Ангина

Ангинаның 2 түрі бар: суық тиюден және инфекциядан пайда болған. Екінші түрі өте қауіпті және антибиотиксіз емдеу мүмкін емес. Симптомдары: тамақ ауырады, дене қызуы жоғарылайды және жұтынудың өзі қиындық туғызады.

Ларингит

Тамақтың қарлығуы және жөтел – осы аурудың негізгі симптомдары. Бұл вирустық инфекцияны тек дәрігердің қатаң бақылауымен емдеу қажет.

Гайморит

Мұрыннан су ағу салдарынан пайда болады. Оның негізгі симптомдары: мұрыннан іріңді сұйықтық ағады, бас ауырады. Еңкейгенде, жөтелгенде ауырсыну ұлғая түседі. Мұрын бітіп, сөйлеудің өзі қиындайды. Егер оны дер кезінде емдемесе, созылмалы түріне ауысады.

Желшешек (ветрянка)

Денесіне бөртпелер шығып, ол өсіп,оның іші мөлдір сұйыққа толып, жарылады. Бұл ару адамөміріндебір-ақреткездеседі. Желшешекпен бала кезіндеауырғандаресейгендеқорықпаса да болады.

Көкжөтел (коклюш)

Ауатамшылары мен таралатын жұқпалы ауру. Ұстама тәрізді тырысулық жөтелмен байқалады. Бастапқы кезеңде бұл ауруды антибиотиктермен емдейді.

Қызылша (корь)

Бұл ауру жиікездеспейді.Себебі,жоспарлытүрдеекпежасалады. Егерекпеніуақытындаалмаса,ауырумүмкіндігіжоғарыболады. Симптомдары: денеқызуыныңбірденкөтерілуі, ринит, жөтел. Соданкейінденесінебөртпелершығып, бірнешеаптаданкейінжазылабастайды. Бұлаурудыңсалдарынанөкпенемесебасқаағза қабынуы мүмкін. Солсебепті, қауіпті.

Енді аурулардың алдын алу шараларына тоқталсақ. Алдын алу тәсілдерінің түрі өте көп. Соның бірі - екпе. Қазіргі уақытта балаларға екпе жасату төңірегінде түрлі пікірлер айтылыпжүр. Дәрігерлер әрқашан екпенің маңыздылығын айтады. Екпені кеңт араған және өте қауіпті түрлі ауруларға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру үшін егеді. Сондықтан кейбір ауруларды жұқтыру мүмкіндігінің алдын алуды көздесеңіз екпе жасатқаныңыз абзал.Тағы бір маңызды тәсіл - гигиена. Дәретханадан кейін және ас қабылдар алдында баланы міндетті түрде қолын мұқият жууға дағдыландыру қажет. Жемістер мен көкөністерді жер алдында жуу керегін де үнемі ескерткен жөн. Егер балаңыз спортпен жиі шұғылданса, таза ауада ұзақ жүрсе, түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мүмкіндігіңіз жоғары. Дұрыс режим және дәрумендерге бай дұрыс тамақтануды жолға қойыңыз.Төсек-орын, киім-кешек, ойыншықтар әрдайым таза болуы қажет.Ең бастысы ауырған жағдайда дәрігердің барлық нұсқауларын мұқият орындап, уақытында ем-дом жүргізу керек. Себебі, уақтылы жүргізілген ем — тез сауығудың және жақсы көңіл-күйдің кепілі.

Аягөз Айтқалиева

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале