27.04.2018, 17:31
Оқылды: 70

Балалар шығармашылығы үйі оқушыларының көрмесі өтті

DSC_0072Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің «Шеберлік шыңға шығарар» атты қорытынды есеп беру көрмесі өтті.

Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінде 42 үйірме бар, 27 мұғалімнен 642 оқушы тәлім алады. Үйірмелер техникалық және эстетикалық көркемдік бағыттары бойынша жұмыс атқарады.

Шығармашылық үйінің шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, ауданымыздың намысын қорғап, жүлделі орындардан көрініп жүр.

Аудандық мәдениет үйінің фойесінде өткен көрмеде шығармашылық үйі педагогтары шеберлік сыныптарын көрсетіп, шығармашылық құпияларымен де бөлісті.

«Шеберлік шыңға шығарар» атты көрмеге аралас материалмен жұмыс, мүсіндеу, бисер, гобелен, батик, коллаж, терра, пипарт, конзаши, квилинк, аппликация, ағашпен жұмыс, қолөнер бұйымдары қойылды.

 Тоты АСҚАРҚЫЗЫ,
«Қаратөбе өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале