18.02.2020, 9:18
Оқылды: 57

Балаларға бақыт сыйлады

Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған "Бақыт сыйла" шеберлік сағатын өткізді.

syrym audani (1)
Шеберлік сағатының негізгі мақсаты -  білім беру саласындағы волонтёрлік пен қайырымдылықты дамыту, балаларға қуаныш сыйлау.

syrym audani (2)
Аудандық шығармашылық орталық директорының міндетін атқарушы Дидар Ищанова шараға жиналған балаларға шеберлік сыныптарында белсенді болып, ерекше көңіл-күй алуларына тілекші екендігін айтты.
Балалар бір-бірінің қолына лента тағып, тілек айту арқылы топтарға бөлінді.
Балақайлар түрлі түсті бояулармен суреттерді айшықтап, тоқыма жіптерден бұйымдар жасап, би биледі.
Ерекше әсерге бөленген балалар шара соңында тілек ағашынан әдемі тілектер жазылған тәттілерді сыйға алды.
Дидар Назымбекқызының айтуынша, шеберлік сыныптардың жұмысы алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале