4.07.2019, 16:26
Оқылды: 224

Балаларға батут ашылды

Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Ерік Сұлтановтың бастамасымен мешіттің ауласында балаларға арналған батут ашылды.

alan (2)

Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлауды ниет еткен аудандық мешіттің бас имамы Е.Сұлтанов жарты жыл бойы жұмыс айлығынан жинап, екі жүз мың теңге тұратын батутты сатып алған.

-Балаларға қуаныш сыйлап, олардың діни білім алып, дене және рухани дамуы үшін барынша жағдай жасаудамыз. Сауат ашу курстарында ілім алып жатқан шәкірттерімізде бір сәтке бойын сергітіп, еркін демалуына мүмкіндік жасап жатырмыз.

alan (1)

Батут алаңын ашқандағы негізгі мақсатым тегін ойнату еді. Ата-аналар балаларын алып келіп, қарайлап отырса деп ойладым. Дегенмен тұрғындар талап қоюда. Алдағы уақытта ақылы ойнатып, балаларды қадағалап отырамыз. Ал аз да болса түскен ақша мешіттің жөндеу жұмыстарына жұмсалады,-деді бас имам Ерік Сұлтанов.

Айта кетейік, балабақшадан, лагерьден, мектептен балаларды жетекшілері алып келе алады. Тек өздері қадағалап тұруы қажет. Бұдан бөлек бүлдіршіндер жұма күндері тегін ойнайды.

Айару Бақытова

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале