1.08.2017, 17:35
Оқылды: 20

Балаларға көмек көрсетілді

Сырым ауданында «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен республикалық «Мектепке жол» акциясы мен «Бақытты балалық шақ мекені» атты қайырымдылық марафоны өтті. 


Қайырымдылық марафонының ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Асыланбек Сарқұлов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзагүл Ерғазиева қатысып, құтықтау сөз сөйледі.

Аудандық мәслихат, аудан әкімдігі 4 балаға демеушілік жасаса, аудандық кәсіпкерлік бөлімі 8 оқушыға оқу құралдарымен көмек көрсетті. Сондай-ақ аудан кәсіпкерлерінен О.Ғұмарова,  Т.Мұрадымова, Ғ.Нұрмұханов, М.Рахымжанов,  М.Мұханов, Б.Жанғожиев, Г.Тажаяқова,  А.Сержанов,  И.Құдайбергенов,  Қ.Жаужиевтер мектеп оқушыларына демеушілік жасады. Барлығы 45 балаға ақшалай, оқу құралы және киім-кешекпен көмек көрсетілді. Шара соңында «Мерей» мейрамханасының көмегімен балаларға тәтті үстел әзірленді.

Аудан орталығында бастау алған мұндай қайырымдылық акциясы  ауылдық округтерде жалғасын табады.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале