2.08.2017, 17:34
Оқылды: 27

«Балдәуренде» 500 бала демалды

 

Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, маусым-шілде айларында аудандық «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде 500 бала демалса, аудан бойынша басқа да лагерлерді (қалалық, республикалық, тағы басқа) қосқанда барлығы 3243 бала демалыспен қамтылған.


Жаңақала аудандық «Балдәурен» жазғы демалыс лагеріне орта мектептерден 7-17 жас аралығындағы балалар қатысты. Аталған жазғы демалыс лагері Жаңақала мектеп-гимназиясының жатақханасында орналасқан.

Тәлімгерлер балаларды аудан орталығындағы көрікті жерлерге, мұражай, тарихи ескерткіштерге апарып, өңір тарихымен де кеңінен таныстыруда. Сондай-ақ лагерь басшылығы Соркөл көлі жағасында бір күндік шатырлы лагерь ұйымдастырып, оларды ашық аспан астында серуендетіп, таза ауамен тыныстатады.

Алтынбек СЕРІКҚАЛИҰЛЫ,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале