10.01.2017, 11:03
Оқылды: 24

Балықшылар байқауы

zelenov-baikauda-balikshilar  Дариян ауылы маңындағы Большое көлінде қалалық кәсіпкер Рустам Самарханов, БҚО территориялық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Владимир Карпандардың ұйымдастыруымен, Дариян ауылдық әкімшілігінің қолдауымен балықшылар сайысы өтті.


   Сайысқа жиылғандарға сәттілік тілеген аталмыш ауылдың әкімі Болат Ерболатов:

  -Бүгінгі жарысқа ұйымшылдықпен жиналып, салауатты өмір салтын дәріптеуге үлес қосқалы келген барлығыңызға рахмет айтқым келеді. Сіз бен біз болып елдгі игі істергең жаршысы болып жүре берейік,- деді.

   Алыстан мен мұңдалаған палаткалар тігіліп, көне  самаурынмен шайда қайнатылды.

  Сонымен қармақшылар сайысында Ф.Самарханов «Ең үздік балықшы», Н.Гордиенко «Дұрыс балық аулаушы» аталмындарына ие болды. Ал командалық бәсекеде І орынды қалалық «Алаш», ІІ орынды дарияндық Шавван отбасы, ІІІ орынды тағы да қалалық «Нұрфат» командасы жеңіп алды.

  Жүлдегерлерге  дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

         Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ

Зеленов ауданы  

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале