15.01.2019, 11:14
Оқылды: 13

Балықтарға ойық жасалды

Ақжайық ауданы Жанама ауылы маңындағы қарасуларда балыққа ауа еркін жетуі үшін 70-тен аса ойық жасалды.

 IMG-20190114-WA0025

          Аталған шараға БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Ақжайық инспекциясы бөлімінің бас маманы, мемлекеттік инспектор Нұрлан Сұпығалиевтың жетекшілігімен жергілікті әкім аппараты қызметкерлері, мекеме жұмысшылары, тұрғындар белсене қатыcты. Ойықтарға шағын қамыс бумалары салынды, бұл мұз көтеріліп, қатқан кезде төменге ауаның баруын қамтамасыз етеді.

         - Балықтардың қыс мезгілінде тұншығып қалмауы үшін мұндай шаралар алдағы кезде де өткізіледі,- дейді ауылдық округ әкімі Абзал Әлжан.

 

Бекем Бекұлы,

Ақжайық ауданы

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале