28.09.2018, 11:02
Оқылды: 22

Бас мүфти Ақсай қаласында

Бөрлі ауданы орталығына барған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз алдымен мешіт жанындағы асхананы көрді. Аудан тұрғындарына жасалған жағдайды көріп, ризашылығын білдірді.

IMG_8263

         Мәртебелі қонақты таныстырған облыстың Бас имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы, Ақсайға ат басын бұрып, жұртшылықпен кездесіп, ықылас танытқаны үшін барша бөрліліктер атынан алғысын айтты.

         Бас мүфти түрлі тақырыпта әңгіме қозғап, жиналғандарға тағылымды уағыз айтты. Алдымен өңірдегі жасалып жатқан жұмыстарға бағасын беріп, Орал қаласында өткен «Зайырлы қоғам – құқық пен діннің өзара байланысы» атты форум туралы ойын жеткізді.

         -Қоғамдағы дін менен заңның құқықтың өзара үйлесілімдігі, байланысы жайында жақсы келелі бас қосу өтті. Жиынға қатысушылар белсенділік танытып,  маңызды ойлар ортаға салынды. Бүкіл әлем мұсылмандары тыныштық пен бейбітшілікті мұрат тұтады. Алланың һақ ділі, ислам діні әрбір кезеңде де қоғамның рухани тірегі, барша үдеріспенен өркениеттердің даму жетістіктерінде қозғаушы күш болғандығын айттық, -деп сөз бастады  Бас мүфти.

         Кездесу соңында Бас мүфти алақан жайған  барша жамағатқа бата берді.

         -Алла Тағала иманды ұрпақ тәрбиелеген елімізді, жұртымызды аман етсін. Ақжайыққа, Бөрлі ауданы халқына Алланың нұры жаусын. Армансыз, мақсатсыз адам болмайды, Алладан үміт етіп, үлкен мақсат қойып отырсыздар. Жаратушы иеміз барша тілеген тілектің орындалуына нәсіп етсін! - деп аудандық мешітке Қасиетті Құран аятты таңбаланған естелік сыйлық табыс етті.

Айым НҰРҒАЛИЕВА,

Бөрлі ауданы

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

IMG_8278

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале