18.11.2019, 17:32
Оқылды: 38

Бас редактор пошта ұжымымен кездесті

«Жайық Пресс» ЖШС Бәйтерек филиалы-Бәйтерек аудандық «Ауыл тынысы» газетінің директор-редакторы Ертай Бимұханов аудандық пошта байланыс торабы ұжымымен кездесті.

пош 1

Айта кету керек, аудандық басылымды оқырман қауымға дер кезінде жеткізу, баспасөзге жазылу науқанын ұйымдастыруда «Қазпошта» байланыс торабы аудандық филиалының атқарып отырған еңбектері орасан.

Кездесуде сөз алған басылым басшысы Ертай Сағындықұлы пошта қызметкерлерінің еңбектеріне алғыс айтып, газет пен оқырман арасында байланысты орнату, пошташылар тарапынан газет тарату ісін оңтайлы жолға қою мәселесін көтерді. Басылымның маңыздылығына тоқталды.

- Ауданның 22 ауылдық округіне «Ауыл тынысы» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылуды жоспарға сай ұйымдастырудамыз. Белгіленген межеден шығамыз, - дейді аудандық пошта байланыс торабының басшысы Нұрлан Сәлімов.

«Ауыл тынысы» ақпарат

суреттерді түсірген Сәлім Мәмбетәлиев

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале