5.12.2016, 10:07
Оқылды: 77

Бас жүлде - Жаңақалада

 Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында әнші-сазгер  Хабиболла  Әлесовтің 65 жасқа толуына орай аймақтық «Орда туған мекенім» атты әндер байқауы өтті.

Хабиболла  Мақсотұлы - Нарынның нар ұлдарының бірі. Ол – жетпістен астам әндердің авторы. Әсем әндерімен елін әлдилей білген, Орда шежіресінде өзіндік қолтаңба қалдырған өнер иесі. Ордалықтардың әнұранынына айналған «Орда туған мекенім» әнін сыйлаған тамаша сазгер.

Бұл байқауға Жәнібек, Жаңақала және Бөкей ордасы ауданына қарасты барлық ауылдық елді мекендерден өнерпаздар қатысып, өнерлерін ортаға салды.

Аймақтық байқауда Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының әншісі Қуанышбек Айдарбеков «Әке даңқы», «Сұлу қыз» әндерін шырқап, қазылардың шешімімен  бас жүлде иеленді.

 

Ақсұңқар СӘДІР,

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале