4.07.2017, 18:26
Оқылды: 25

Зеленовтық оқушы халықаралық байқаудан бас жүлде алды

zelenovШілденің 1-3 аралығында Астана қаласында «Astana EXPO 2017»  көрмесі аясында бүлдіршіндер мен жасөспірімдер арасында ІІІ халықаралық «Art Bayterek» байқауы өткен болатын. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Өзбекстан елінен жас өнерпаздар қатысты. Айта кетейік, байқауды «Атадан - мұра» қоғамдық қоры ұйымдастырды.


Байқау вокал( эстрада, классика, халық әні, хор, дуэт, трио) аспапта ойнау, көркем сөз, хореография, қолөнер, сурет салу секілді аталымдар бойынша өтті.  Кіл жүйріктер қатысқан өнер додасында жерлестеріміз, Переметный ауылындағы аудандық саз мектебінің оқушылары жүлдеге ие болып, аудан мерейін тасытты. «Әуен» триосы ІІ (Н.Сақтай, Л.Қайролла, А.Танатарова), «Елмұрат» хор тобы І, аспапта ойнауда Назерке Шүйінішқалиева ІІІ, «Елімнің жүрегі – Астана» әнін нақышына келтіре орындаған Анара Танатарова бас жүлдеге ие болды. Өнерпаз бүлдіршіндер Мөлдір Ибрашева, Ләззат Қажығалиева сияқты білікті мамандардан дәріс алуда.

- Өте қуаныштымыз. Бұл мектебіміз үшін, аудан үшін абырой. Ұжым еңбегінің жемісі. Қашанда қолдау білдіріп келетін ата-аналарға да алғысым шексіз. Биылғы жыл өте табысты басталды. Атырауда өткен «Алатау шыңы» республикалық конкурсынан және Алматы қаласында ұйымдастырылған «Жеті өнер» халықаралық фестивалінен бас жүлдеге ие болдық. Бұл жолы да балаларымыз өнерде үздік  екенін тағы бір мәрте дәлелдеді, – дейді аудандық саз мектебінің директоры Ләззат Майданқызы.

Динара НАСЫР,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале