22.05.2020, 18:42
Оқылды: 111

Басқарма басшысы Ақжайықта

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров іссапармен ауданымызға келді.

454E0E91-19D6-4A54-A29C-86F844D6C10C

Қаймен Есенаманұлын аудан әкімі Қадияр Шадиярұлы қарсылап алып, бірқатар спорттық нысандарды аралатты. Жұмыс сапары барысында облыстық басқарма басшысы Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің жанынан салынатын 160 орындық әмбебап спорт алаңының жобасымен танысты.

E9EDAF53-BAF8-4A2A-BFEA-7211ACDFC7EE

Сондай-ақ аудан орталығында 360 орындыққа шақталған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңына шолу жасады. Содан соң М.Әуезов атындағы орта мектептің спорт залы мен жастар спорт алаңын аралап, БЖСМ және «Құлагер» ат спорты кешені ұжымдарымен тілдесті.

Кездесу барысында аудан спортын дамыту жайында әңгіме қозғалып, аудан басшысы болашақта жастар спорт алаңын жөндеу жоспарда бар екенін айтты.

Ләззат Саматқызы

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале