24.02.2017, 16:20
Оқылды: 39

«Бастау Бизнес» жобасы берекелі болмақ

Жәнібек ауданында өз ісін бастауға ниет еткен жастармен кездесу өтті. Шараны аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық ұйымдастырлды.


БҚО кәсіпкерлер палатасының Жәнібек ауданындағы филиалының директоры Жасұлан Бәсеров жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатын көздейтін «Бастау Бизнес» жобасы хақында кеңінен түсінік беріп өтті.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында алдымен бағдарламаға қаты-сушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, екінші кезекте ауыл мен қалада кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бағытында шағын несие беру жолдарына тоқталды.

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале