16.10.2017, 15:47
Оқылды: 22

Батыр аналарға «Күміс алқа» табысталды

Бүгін Тасқала ауданы әкімі С.Әлиев Тасқала ауылының тұрғындары Н.Сағынғалиева мен Н.Ялфимова және Мерей ауылдық округіне қарасты Айнабұлақ елді мекенінің тұрғыны Д.Шайхиеваға Елбасының 2017 жылдың 14 қыркүйектегі №548 Жарлығы бойынша «Күміс алқаны» табыс етті.

Аталған алқаны табыстау барысында аудан басшысы еліміздің демографиясының дамуына үлкен үлес қосқан батыр аналарға өз ризашылығын білдірді. Өз кезектерінде «Күміс алқа» иегерлері алғыстарын жеткізді.

Е.ЕЛЕКЕНОВ,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале