31.05.2017, 10:27
Оқылды: 93

Батырды еске алды

Taskala batir baba kyres   Тасқалада аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 72 жылдығына және Кеңестер Одағының Батыры жерлесіміз Садық Жақсығұловты еске алуға арналған қазақ күресінен 2006-2008 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында ашық аудан біріншілігі өтті.


     Жарысқа Ақтөбе, Орал қалалары,  Шыңғырлау ауданы, Тасқала ауылы және  Саулет «МЛ», Жақсығұлов, Ы.Алтынсарин, Қ.Сәтпаев атындағы мектептерден және Ақтау, Амангелді, ІІ-Шежін, Оян, Шипов ауылдық округтерінің спортшылары қатысты.

      Жарыстың ашылу рәсімінде Батыр атамыздың інісі Жауынбай аға сөз сөйлеп, жас палуандарға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.   Белдесу бәсекесі нәтижесінде 20 кг салмақта І орын А.Бисен (Тасқала БЖСМ), 23 кг салмақта І орын Қ.Амаегелди (Ақтөбе қаласы), 26 кг салмақта І орын Ф.Серік (Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы) иеленді.

    Сондай-ақ  29 кг салмақ дәрежесінде І орын А.Сапарғали (Тасқала БЖСМ), 32 кг салмақта І орын А.Ақболатов (Ақтау ауылы), 35 кг салмақта І орын А.Бақытжанов (Ақтау ауылы), 38 кг салмақта І орын Е.Исмағұлов (Тасқала БЖСМ), 42 кг салмақта І орын Е.Сержанов (Амангелді ауылы), +42 кг салмақта І орын Е.Жандосов (Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы) алды.

    Жарыс соңында жеңімпаздар диплом және медальдармен марапатталды.

Өз тілшіміз

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале