4.06.2018, 16:41
Оқылды: 30

Батырдың мерейтойына арналған ашық турнир қорытындыланды

Ақжайық ауданының Жамбыл ауылында Кеңес Одағының Батыры Михаил Абдоловтың 100 жылдығына арналып еркін күрестен 2001-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында Батыс Қазақстан облысының ашық турнирі мәреге жетті.

Атырау облысының Индерінен, Оралдан, Тасқала, Қазталов, Жаңақала және Ақжайық аудандарынан өкілдер қатысқан айтулы шарада аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтау сөз сөйледі.

Қатысушыларға М.Абдоловтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі, ол туып-өскен аталған ауылда, ауданда оның мерейтойына арналған ауқымды істер жайында баяндалды.

150-ге жуық балғын спортшы белдесуге шыққан ашық турнирдің қорытындысымен өз салмақ дәрежелері бойынша: 2001-2003 жылдарғы жасөспірімдерден Асар Нәсіпқалиев, Қуанғали Нұржігіт, Мұхсит Тұрар, Қабыл Амангелдиев, Әділхан Өтепқали (Ақжайық), 2004-2005 жылдары туғандардан Жандос Қайыржан (Ақжайық), Алмат Жұмағалиев (Тасқала) Арсен Социалов (Орал), Еркебұлан Шагиров (Тасқала), Ернар Қажи (Ақжайық), 2006-2007 жылдарғы балғындардан Ахмет Бекарыс (Ақжайық), Серік Ержан (Тасқала), Амангелді Бейбарыс (Жаңақала), Ердан Хамза (Орал), Ербол Ернар (Ақжайық), 2008-2009 жылғылардан Айбын Кенжеғалиев (Ақжайық), Арсен Серіков (Орал), Мирас Тасқайыр (Жаңақала), 2010 жылғылардан Нұралы Дошат, Аян Қоныспаев, Қайнар Жеңісов (Ақжайық) І орынды иеленді.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале