15.11.2018, 17:06
Оқылды: 49

Батысқазақстандық 13 жасар Бекарыс бокстан спорт шеберлігіне үміткер

Қазталов ауданындағы Бостандық мектебінің 8-сынып оқушысы Бекарыс Маратовқа «Бокстан Қазақстан Республикасының спорт шеберлігінен кандидат» спорттық разряды беріліп, №0206 куәлігі салтанатты түрде табысталды.

boks (1)

Данияр Елеусіновтей оғлан берген өңірден қаршадай бала қазірдің өзінде үміткер боп отыр. Алда үлкен асу тұр. Бокс дүниежүзі халқының жүрегін жаулап алып отырған бірден-бір спорт түрі.

Міне, осындай дәрежеге жеткізген жаттықтырушысы Асыланбек Сармалаевтың еңбегі бір төбе. Ауданнан «Күрең беретті» алғаш киген Руслан Кенжеғалиев шыққанын ескерсек, Бостандықтан талай мақтан тұтар азаматтар шығары сөзсіз.

boks (3)

Гауһар ӘДІЛЖАН,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале