15.03.2019, 15:50
Оқылды: 42

Батысқазақстандық қария республикалық бата беру сайысынан үшінші орын алды

Атырау қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары аясында республикалық «Ардагерлер ұйымы» орталық кеңесінің және Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен бата беру сайысы өтті.

7c26c5c0-ee3f-4eff-9979-e8b4d083519a

Республикалық сайыста БҚО-дан қатысқан Ертай Сердалин үшінші орынға ие болды.

– Еліміздің әр өңірінен 20-ға жуық адам қатысқан байқау жоғары дәрежеде өтті. Мен 16-шы болып сахнаға шығып, әскерге аттанғалы тұрған болашақ сарбазға берген батамды айттым. Салт-дәстүр бойынша әңгімеледім. Қатысушылардың әртістік қабілеті жоғары болғанымен, біразының салт-дәстүр туралы біліктілігі төмен екендігі байқалды.

Бас жүлде Алматы қаласының батагөй ақсақалына бұйырды. Қатысуға ықпал етіп, қолдау білдірген аудан әкімі Жанат Асылханұлы мен орынбасары Жасұлан Кәрелұлына алғысым шексіз, - дейді Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылында тұратын қария Ертай Нығыметұлы.

 Байқаудың бас төрешісі Нұртілеу Иманғалиұлы жеңіпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік, Ертай ақсақал былтыр Атырау қаласында өткен аймақтық байқаудың жеңімпазы атанған болатын.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале