19.09.2017, 16:42
Оқылды: 15

«БатысМарқаЛамб» қарызын қайтаруда

 

Бұл туралы бүгін аудан әкімі Әділ Жоламанов айтты. Бүгінде Ақжайық ауданында тәулігіне 1400 бас ұсақ мал соятын «БатысМарқаЛамб» ЖШС-ның ет комбинаты және күніне 50 бас ірі қара малын соятын «БатысНық» ЖШС-ның ет өңдеу комбинаты қызмет көрсетуде.


- Өткен жылы «БатысМарқаЛамб» ет өндіру комбинаты шаруа қожалықтарына 102 млн теңге көлемінде қарыз болған еді. Жыл басынан бері 60 млн теңгесі қайтарылып, қазіргі бережағы – 42 млн теңге. Комбинат басшылығымен бірлесіп жұмыстанып жатырмыз, бұл мәселе таяу арада шешіледі. Бүгінге дейін «БатысМарқаЛамб» Иранға 52 тонна ет жөнелтті. Жақында 30 мың бас ұсақ мал бордақылайтын алаң салу жөнінде қытайлық кәсіпорынмен келісімшарт жасалды. Мал бордақылау кешені біздің ауданда салына ма, әлде көрші аудандарда ма деген мәселе шешілуде, - дейді Әділ Жоламанов.

Республикалық маңызы бар Орал-Атырау тас жолының аудан арқылы өтуі шағын және орта кәсіпкерліктің кең қанат жаюына оң ықпал етуде. 32 жол сервисі нысанының қатары биыл тағы төрт нысанмен толыққан екен. Бударин ауылдық округі аумағында жалпы құны 30 млн теңгені құрайтын сүт фермасының құрылысы қарқын алуда. Ақжол ауылдық округінде 150 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңының құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар Алғабас ауылында да 3000 басқа арналған бордақылау алаңы салынбақшы.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале