14.08.2020, 11:24
Оқылды: 41

Бау-бақша баптап, өнерін ұштауда

Бәйтерек ауданы Көшім ауылындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 1949 жылы құрылып, күні бүгінге дейін қызмет атқарып келеді.

E202F642-1F0B-4B14-8B57-DDCAE7E8B831

Мекеме 3 пен 18 жас аралығындағы түрлі деңгейдегі ақыл-есінде мүкісі бар, тірек-қимыл қозғалысы бұзылған және дене бітімі кемістіктері бар, үнемі медициналық және әлеуметтік көмекті, тұрмыстық күтімді қажет ететін балаларға арналған мекеме. Бүгінде ол жерде 70 бала тәрбиеленуде.

FC890FFC-9D87-489F-899A-1FEAA98A01C4

Қамқорланушыларға 8 бағытта, атап айтқанда әлеуметтік тұрмыстық, әлеуметтік медициналық, әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік педагогикалық, әлеуметтік еңбек, әлеуметтік мәдени, әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік құқықтық қызметтер көрсетіледі.

Біз бүгін осылардың ішіндегі әлеуметтік еңбекке тоқталатын боламыз. Орталық тәрбиеленушілері ерекше күтімді қажет ететін болғандықтан, арнайы күн тәртібіне сәйкес жұмыс жүргізіледі. Олардың таңертең тұрған уақыттан бастап кешке ұйқыға дейінгі аралығында бос уақыттары болмайды.

80B45DF6-22BA-493F-96D2-F8F74F763832

Жалпы, тәрбиеленушілер жыл сайын бау-бақша отырғызып, жеміс ағаштарын баптайды. Биыл да бұл үрдіс назардан тыс қалған емес. Бүгінде мекеме өз бақшасында қияр, қызанақ, баялды (баклажан), бұрыш және асқабақ сынды бақша дақылдарын отырғызған. Олар жеміс беруде. Бау-бақшадағы жұмысты тәрбиеленушілер еңбек пәнінің мұғалімі және тәрбиешілерімен бірігіп атқарады.

Бұдан бөлек, тәрбиеленушілер ауладағы жеміс ағаштарын баптайды. Мұнда әуелден смородина, шие, өрік, алма, алмұрт ағаштары бар-тын. Өткен жылы олардың қатарына нектарин мен алманың басқа сорты қосылды. Бүгінде олар да жеміс беруде.

Орталық биыл мультфильмдік кейіпкерлермен безендірілген керме төбе, терезе жалюзі, интернет желісіне қосылған  теледидар сынды заманауи құрылғылармен жабдықталды. Үлкен психологиялық тыныштандыру бөлмесі ашылды. Мұнда тәрбиеленушілер келіп, әртүрлі жанрдағы музыка тыңдап, сол тыңдалған әуенге сәйкес қазіргі көңіл-күйін бағалау смайлигі теледидардан шығады. Осыған орай тәрбиеленушінің көңіл күйіне сәйкес күн ұзаққа жұмыстану бағытын орталық мамандары анықтайды.

Орталықта ұлтымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін  насихаттайтын арнайы киіз үй бөлмесі де ашылды. Бұл бөлме сандық, кебеже, оюлы көрпе-жастық, домбырамен жабдықталған. Сонымен қатар ұлттық тәрбие мен білім беруді ұштастыру мақсатында оқыту бағдарламасына асық терапиясы енгізілді. Мысалға кәдімді шот, дойбы құралдары асықпен алмастырылып, алақан және табанға арналған массажды кілемшелер асықпен жасалды.

Орталықта балаларға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар әр тәрбиеленуші жеке қабілетін дамыту мақсатында ауданаралық және облыстық түрлі конкурстарға қатыстырылады. Жүлделі орындарға ие болып жүргендер де бар. Атап айтсақ, орталық тәрбиеленушісі Данияр Меңдіғазиев 2014 жылдан бері жыл сайынғы өтетін «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты  мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтетін сайыстардан жүлде алып жүрсе, 2018 жылы еліміздің елордасы Астана  қаласының 20 жылдығына арналған республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалінің лауреаты атанып, әнші  Ернар Садырбаевпен дуэт айтты. Сонымен қатар, орталықтың тәрбиеленушісі Венера Ерғалиева дене бітімінің кемістігіне қарамастан ауданаралық «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтетін би сайысының жеңімпазы атанды.

Мекеме тәрбиеленушілерге сапалы әрі кешенді түрде жан-жақты көмек көрсетіп келеді. Алдағы уақытта мұндай жұмыстар жалғасын таба бермек.

 Ақмарал Ғайнеденова,

әдіскер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале