16.05.2018, 17:50
Оқылды: 33

Беларусь жеріне сапар немесе Сүндетқали батыр ізімен

ЎҐ«®агббЁп2Даңқты жерлесіміз, Совет Одағының Батыры Сүндетқали Есқалиев Шыңғырлау ауылы Алмаз елдімекеніндегі Аққұдық (Константиновка) ауылының тумасы. Сүндетқали Ұлы Отан соғысында Александр Матросовтың ерлігін қайталаған жауынгер қазақ.

Лудчища биіктігін алу жолында совет әскерлері жанкешті шайқастар бастады. 1 және 2 Белорус майданының қиылысқан жерінде орналасқан Лудчица биіктігін алу арқылы аудан орталығына, қалаға жол ашу мүмкіндігі туындайтын. Автоматшылар арасында гвардия жауынгері Сүндетқали Есқалиев жас жауынгер болғанмен, Сталинград, Курск майдандарында шыңдалған тәжірибелі солдат саналатын. Шайқас барысында оң қанаттан қызыл ракета атылып, жарқ ете қалды. Сол-ақ екен оқ қарша борап, снарядтар гүрс-гүрс жарыла бастады. «Жауынгерлерді шабуылға көтеру керек»,-деген ой санасына берік орнаған Сүндетқали атып тұрып алға ұмтылды. Қаруластар қосыла көтеріліп, жау траншеясында қолма-қол ұрыстар басталып кетті. Қатты шабуыл екпініне шыдамаған жау шегіне қашып барады. Екі траншея біздікі болды, үшіншісін алуға да жақындап қалды біздің жауынгерлер...

Кенет... сол қанаттан жау пулеметі нөсерлете оқ жаудыра бастады. Сүндетқали гранаталарды бірінен соң бірін оқ боратып жатқан нүктеге бағыттады. Пулемет үні тоқтай қалды. «Алға!»-деп алға ұмтылған батыр қазақты жолдастары да «Уралап» қолдай кетті. Бірақ, шабуыл басылып қалды, себебі, үні өшті деген нүктеден пулемет үні қайта шығып,  ажал оғын себе бастады. «Жоқ жауыз, бәрібір үніңді өшіремін!». Қазақтың батыр ұлы жаралы кеудесін жерге төсеп пулеметке қарай еңбектей жөнелді. Соңғы күшін жинаған Сүндетқали кеудесімен оқ төгіп тұрған пулеметті баса құлады.

Қаһарланған қазақ ұлы қаза тапты. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Указы негізінде Сүндетқали Есқалиевке Совет Одағының Батыры атағы берілді.

Ұлы Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында Шыңғырлау аудандық білім бөлімінің басшысы Абзал Сапаровтың бастауымен ауданнан жасақталған топ Беларусь жеріне сапарға шықты. Топ құрамында балалармен мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Қуаныш Есенов, Сегізсай негізгі мектебінің директоры Сағындық Қалниязов және мектеп оқушылары болды.

Жерлестеріміз туысқан Беларусь жеріне ойдағыдай жетіп, Сүндетқали бабамыздың жерленген жері Быховскіде Тайманова деревнясынан үш шақырым жерде орналасқан бауырластар зиратына да келді. Жалпы Днепр өзенін жайлаған өлкенің мыңдаған ұл-қыздары орден-медальдармен марапатталса, 14-і Совет Одағы Батыры атағын иеленгені белгілі.

Делегацияны күтіп алған белорус елінің азаматтары үлкен адамгершілік, қонақжайлылық танытқан. Барлық көруге тиісті жерлеріне құрметпен апарып, барлық жағдай жасалғанын біздің топ ризашылықпен айтып беруде. Қасиетті жерді қадір тұтатын белорус халқының тыныштықты, бейбіт өмірді қалай бағалайтынын айтып жеткізу мүмкін емес, оны көру керек,-дейді делегация мүшелері.

Батыр қала Минскіден, Быховск қаласы орталығы көшелеріне Сүндетқали Есқалиевтің есімі беріліп, мектепте, музейде арнайы бұрыштар орналастырылып, белорус пионерлерінің есімін әнге қосатынын қандай құрмет екенін бағалай беріңіз!

Сапар барысында қазақстандықтар белорус бауырларға қазақтың шапаны мен домбырасын, ұлттық нақыштағы бірнеше төрге ілетін тарту етіп ұсынды. Болашақта сонау алыстағы батыр бабамыз Сүндетқалидың сүйегі жатқан жерде елден апарылған бір уыс топырақпен бірге қазақы дүниелер егеменді еліміздің батыр ұлына деген құрметін паш етіп тұрады.

 Р.S.

Айтпақшы, Беларусь жерінде біздің делегация болған тұста «Жауынгерлік әндер» конкурсы өткен екен. Осы конкурсқа қонақ ретінде қатысқан шыңғырлаулық оқушылардың әндерін бейнефильм арқылы көріп риза болдық. Елін асқақтатып, ерін ардақтаған азаматтар осылардай болсын дейік. Екі ел арасындағы туысқандық, достық байланыс әлі де жалғаса беретін болады.

Адақ Шотпанов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале