11.12.2017, 14:04
Оқылды: 25

Белестіктер туған жерде бас қосты

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасы аясындағы «Туған жерге тағзым» жерлестер форумы ауданның әр ауылында кеңінен аталып өтуде.

Ауылдастарды бірлікке шақырып, көпшілікке мереке сыйлаған форум Белес округінде де жалғасын тапты. Әр жылдары ауылда еңбек етіп, осы ауыл мектебін аяқтаған, қазіргі таңда басқа жақта біраз жетістікке жеткен белестіктердің форумы дөңгелек үстелмен ашылды. Кешегі мен бүгіннің диалогындай болған шарада азаматтар ауылдың өткені мен бүгіні жайында сөз қозғап, туған жеріне деген сағыныштарын жеткізді. Одан әрі жерлестер ауыл балабақшасының жанына тал егіп, естеліктерін қалдырды.

Белестегі жерлестер форумының басқа ауылдардағыдан тағы бір ерекшелігі ауыл кәсіпкерінің қолдауымен орнатылған «Менің жүрегім Белес» атты конструкцияның ашылуы болды.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале