24.10.2020, 16:44
Оқылды: 24

Белсенді оқырмандар марапатталды

Қазақстанның Халық жазушысы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойына орай «Мен қазақпын» онлайн байқауына Жаңақала аудандық кітапхана оқырмандары Зәуре Сұлтанова (I топ мүгедегі), Гүлжиян Габбасова (I топ мүгедегі) қатысып, белсенділік танытты.

Белсенділік танытқан оқырмандар

Байқау еліміздегі зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханалар мен облыс аудандарындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жанындағы кітапханалық пункттердің көз мүгедегі бар оқырмандары арасында өткізілді.

Байқауға қатысушылар ақынның кез келген өлеңін үй жағдайында орындап, бейнеролик жіберген болатын. Қатысушылардың оқу мәнерін, орындау шеберлігін бағалай отырып, облыстық кітапхана зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана директоры Қ. Бурамбаева алғыс хатпен марапаттады.

Осындай кітапханалық байқауға әр кез белсенділік танытып, іс-шаралардан қол үзбей жүрген оқырмандарымыз көпке үлгі.

А.Нұрғалиева, кітапханашы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале