13.06.2018, 14:20
Оқылды: 24

Белсенді сырымдық жастар Қаратөбе ауданында болды (ФОТО)

IMG_20180613_105849Бүгін Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұжымы мен бір топ белсенді сырымдық жас «Менің өлкем!» атты тарихи танымдық экспедициясының жұмысы аясында Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылдық округінде болды.

Олар бұл жерде Құныскерей үңгірі, Аққұм қорықшасы және Егіндікөл бұлағы сияқты орындармен танысты. Кейінгі жылдары Сырым және Қаратөбе аудандарының жастары арасындағы мәдени әріптестік жаңа деңгейге көтерілді.

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Досжан Тайшиевтің айтуынша, бүгінгі экспедиция да сол әріптестіктің арқасында мүмкін болып отыр екен. Әрі мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында туған өлкеге қызмет қылу, кіші Отанды танып білу, ауылдардың туризмдік тартымдылығын арттыру мәселелері айтылады. Сол жұмыстарды жастардың жаңашылдықпен жүзеге асырып жатқаны қуантады. Бір күндік экспедиция сырымдық жастардың осыған дейін тұтас елге дарынды тұлғаларымен белгілі Қаратөбе ауданын енді ерекше табиғаты бар өңір есебінде ретінде тануға көмектесті.

Экспедицияның жұмысына Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мейрамгүл Кенжеғалиева, Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Абат Зейнуллин және осы аудандағы жастар саясатының өкілдері қатысты.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

IMG_20180613_120650 IMG_20180613_123124 IMG_20180613_110015 IMG_20180613_110159

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале