21.02.2020, 10:05
Оқылды: 113

   Белсенділер әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды

Қазталов аудандық «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері мен мәслихат  депутаттары және «Jas Otan» мүшелері Жалпақтал ауылында орналасқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, ондағы ардагерлер мен мүгедек жандардың хал-ахуалымен танысты.

Kaztalov (2)

Kaztalov (1)

Kaztalov (3)

     Әлеуметтік көмекті мұқтаж ететін жандардың бір күнгі өміріне шолу жасаған олар орталықтағы тәрбиеленушілердің мемлекет қамқорлығын толық сезініп отырғанына көз жеткізіп, жеке сұқбаттасты. Үкімет саясатын жергілікті жерде толықтай жүзеге асырып, жағдайларын қадағалап отырған аудан басшыларына тәрбиеленушілер алғыс білдірді.

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале