15.12.2017, 17:08
Оқылды: 55

Березовкадан көшірілгендерге арнап салынған мектеп қаңтарда жұмысын бастайды

 

Бұл туралы БҚО əкімі Алтай Көлгінов твиттердегі микроблогында мəлімдеді.

20171215_211315Оның айтуынша, Березов жəне Бестау тұрғындарына арналған мектеп қаңтарда жұмысын бастайды.
Облыс əкімі Бөрлі ауданына сапары барысында Аралталдағы мектепке бас сұқты. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың тамызында басталған болатын. Бұл мақсатқа 850 млн.теңге бөлінді. Білім ошағы 300 оқушыға арналған.

04a6ed9f-de57-4a6a-8a8e-6c9b067a9325Әкім бұл күні сондай-ақ Ақсай қаласының Қарашығанақ-1 шағын ауданынан салынған бес қабатты, 75 пәтерлік тұрғын үй кілттерін пәтер иелеріне салтанатты түрде табыс етті.

- Елбасы қабылдаған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған пәтерлердің кілттерін сіздерге табыстағалы тұрмыз. Бұл сіздерге деген мемлекеттің қамқорлығы. Биыл өңірімізде Елбасы бағдарламаларына сай он төрт көп қабатты үй құрылысы салынуда. Осының нәтижесінде барлығы 1700 отбасы өз пәтерлеріне қоныстанатын болды, - деді Алтай Сейдірұлы.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов осы сапарында «ҚПО б.в.» компаниясының бас директоры Ренато Маролимен бірге аталмыш компанияның әлеуметтік жауапкершілігі аясында Ақсай қаласынан березовтық тұрғындарға арнап салынған тұрғын үйге бас сұғып, пәтер иелерімен тілдесті.

berezov- Төрт бөлмелі пәтерге ие болдық. Отбасымыздың барлық мүшелеріне жетеді. Бөлмелер кең. Аудан орталығынан осындай жайлы пәтерге ие болғанымыз үшін қуанышымыз шексіз. Елбасы бастаған ел азаматтарына үлкен алғысымызды білдіреміз, - дейді Березов мектебінде тарих пәнінен сабақ беретін жас маман Қамар Әленова.

Нұртас Сафуллин

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале