9.12.2016, 10:06
Оқылды: 75

Берікжан батырға жерлестері тақта орнатты

screenshot_2016-12-09-11-02-23-1Тәуелсіздіктің торқалы тойының қарсаңында ағымдағы жылдың жазында Ақтөбе қаласында болған оқиға кезінде лаңкестер қолынан ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз Берікжан Қалиевке туған жері - Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылында мемориалдық ескерткіш тақта ашылды.


 

Ол батырдың өзі оқыған М.Ықсанов атындағы мектептің қабырғасына орнатылды.

screenshot_2016-12-09-11-01-30-1Ескерткіш тақтаның ашылу рәсімінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев елге қауіп төнген кезде ерлік көрсеткен батыр ұлды жерлестері әркез мақтанышпен еске алатындығын айтты.

Ал Берікжанның ағасы Бауыржан Қалиев інісінің есімін ұлықтап жатқан барша жерлестеріне ризашылығын жеткізді.
Ескерткіш тақтаны аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин мен «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин ашты.

Данияр ОСПАН
Жәнібек ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале