18.09.2017, 16:55
Оқылды: 17

Бес күнде 48 тұрғын жол-көлік ережесін бұзды

Ақжайық ауданы бойынша 12-16 қыркүйекте өткен «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шықты.


Әкімшілік және жергілікті полиция қызметкерлері оның барысында тұрғындармен, көлік иелерімен бірнеше жүздесу өткізіп, жол апатының алдын алу жөнінде әңгімелер өткізді.

Жолдар бойындағы байқастау барысында өкініше қарай, автокөлік жүргізушілер тарапынан бұл 5 күн ішінде 48 құқықбұзушылық анықталды.

– Атап айтқанда, рөлге мас үйінде отырған 4, «темір тұлпарын» техникалық байқаудан өткізбеген күйінде басқарған 8, қауіпсіздік белдігін тақпаған 9, маневр тәртібін бұзған 10, рөлде келе жатып телефон пайдаланған 12, көлігін құжатсыз басқарған 5 жүргізуші әкімшілік жауапкершілілікке тартылды. Бұл көлік тізгіндердің арасында өзінің де, басқаның да өміріне жауапсыз қарайтындар әлі күнге аз емесін сөзсіз дәлелдейді,-дейді әкімшілік полиция бөлімінің аға мемлекеттік автоинспекторы Сәкен Қазжанов.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале