31.10.2017, 15:55
Оқылды: 24

Бес тұрғын 26 миллион теңге несие алды

 

1Бұл туралы Жәнібек аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрпейіс Елемесов айтты.

Оның айтуынша, «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» шеңберінде  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚ филиалы арқылы 5 адам мал шаруашылығын дамытуға 26 миллион теңге несие алған.

Атап айтқанда, Күйгенкөл, Қамысты, Жақсыбай ауылдарының тұрғындары Света Сатанова, Ербол Оспанов, Мұхтар Бауединов 6 миллион теңге несие алса, Жәнібек және Қамысты ауылдарының тұрғындары Ержан Сәрсенғалиев пен Мәрзия Өтеғалиева 4 миллион теңге несиеге ие болған.

                                                                                      Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале