3.09.2018, 16:33
Оқылды: 69

Бесобада клуб күрделі жөндеуден өтті

Қаратөбеауданы Бесоба елді мекенінде ескі ауылдық клуб ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.

aqqozy klub (1)

Клубтың  салтанатты ашылуына аудан әкімі Жанат Асантаев, аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мейрамгүл Кенжеғалиева мен ауыл  тұрғындары қатысты.

Салынғанына 50 жылдай уақыт өткен ауылдық клубты күрделі жөндеуден өткізуге демеушілік жасаған – «Досжан» шаруа қожалығының жетекшісі Досжан Ізім.

– Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында патриот азаматтарға үлкен міндет жүктеді. Туған жерін көркейтуге шақырды. Мен де өз елімнің патриот азаматы екенімді іспен дәлелдегім келді. Сондықтан да Бесоба елді мекеніндегі ескі клуб ғимаратын жөндеуді қолға алып, халық игілігіне қызмет атқарсын дедім. Бұл ауыл маған бөтен емес. Осы жерде менің атам Ізім еңбек еткен. Үлкендердің айтуы бойынша осы ауылдағы клуб ғимаратының сол кезде салынуына атам бірден бір себепкер болған кісі. Оған ауыл тұрғындары көп көмегін тигізіпті. Ауыл жігіттері ешқандай ақы алмай, күні-түні еңбек етті. Сондықтан, бұл – менің ғана емес, жалпы ауыл халқының еңбегі деп білемін,- дейді «Досжан» шаруа қожалығының жетекшісі Досжан Қонысұлы.

Клубтың  салтанатты ашылуының  лента қию рәсімін аудан әкімі Жанат Асантаев пен Досжан Ізім жүргізді. Құрылыс жұмысы екі айда аяқталған аталмыш клуб ғимаратын жөндеуге 3 миллионға жуық қаражат жұмсалған.

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы

aqqozy klub (4) aqqozy klub (6)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале