31.03.2020, 14:55
Оқылды: 108

Бетперде тігуге бүкіл аудан жұртшылығы үлес қосуда

 Елдегі жарияланған төтенше жағдайға орай, Президентіміздің үндеуінде айтылған коронавирус пандемиясына байланысты сақтық шараларын күшейту жөніндегі тапсырмасын сырымдықтар орындауда.
B870DE2C-D9B9-48DA-9BC0-00D891BB83C3
Халықтың саулығына алаңдаулы аудан волонтерлары Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйытқы болуымен көпреттік бетперде тігуді қолға алды. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қажетті материалмен қамтып, волонтерлар тігін мәшинелерін әкелді. Бүгін түстен кейін басталған жұмыс барысында олар үш сағаттың ішінде 200 бетперде тігіп бітірді. Белсенді қолұшын берген волонтерлар қатарында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маман-есепшісі Жанаргүл Кәрімғалиева, Сырым мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қызметкері Айгүл Баянғалиева, "Аяна" шаштаразының иесі Айгүл Қанекенова бар. Игілікті іске "Nur Otan" партиясының Сырым аудандық филиалының қызметкері Мира Мұхамбедиева, "Сырым елі" газетінің тілшілері, аудан жастары да атсалысты. Аудандық мәдениет үйінің қойма меңгерушісі Мира Ашимова, "Балдырған" балабақшасының тәрбиешісі Алмагүл Сүлейменова, Қ. Мырзалиев атындағы орта мектеп оқушысы Дильназ Сүлейменова, студент Әселхан Бекниязова, мәдениет саласында еңбек етіп жүрген жастар Азамат Жетпісов, Аңсар Жетпісқалиевтер игілікті іске жұмылды. Бетперде тігуге үлестерін қосқан ең жас волонтерлар Шахарбану Болатованың жасы 9-да болса, Заңғар Махметтің жасы 10-да.

FA9FF5BF-373C-4A21-9EEA-902BC89BB66D

"Сырым жастары" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәкен Мұсаның мәлімдеуінше, "Сырым аудандық полиция бөлімі 50 бетперде алып, 20 метр мата әкеп берді. 900 бетперде тігіліп, таратылды. Енді 300-і дайындалуда. Егер, тігін материалдарымен жәрдемдесемін деген жандар болса, көмекті қабылдауға дайынбыз", - дейді С. Мұса.
Бетперде тігу ісі ауылдық округтерде де   жаппай қолға алынды. Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бастамасымен волонтерлардың бетперде тігу жұмыстарына Қосарал ауылында тұратын зейнеткер Мария Зулкашева да үлес қосты. Жұмыс қолының жетіспей жатқанын естіп бей-жай отыра алмапты. Жастардың ісіне қолдау танытып, тегін таратулары үшін бір тәулікте 200 бетперде тікті. Қосарал ауылында Мөлдір Темірғалиева есімді келіншек 2 айлық сәбиі болса да, тегін маска тігіп,  мұқтаж жандарға үлестіріп жатыр.

F96B31BE-3ACF-4976-9F91-3B5182E1FF97

Аудан әкімдігінен ауылдық округтерге мата мен резеңке берді, онымен  әр ауылда бетперде тігілуде.

Аралтөбе ауылдық округінде  Нұргүл Есқазиева,  Балзия Базарбаева, Бәтима Байырова  әкімдіктен берілген 20 метр матаны маскаға айналдыруда. Қызылағаш негізгі мектебінің  мұғалімдері мен  округ әкімі берген берген матамен маска тігуде. Мектептің директоры Шара Сұлтаниярова 5 метр мата алса, мектеп қызметкері  Нұрсәуле Айтқалиева 3 метр мата әкеп беріпті. Тігілген маскалар мектеп қызметкерлері мен оқушыларға,  медицина, кітапхана қызметкерлеріне таратылуда. Сарой ауылдық округінде Шағырлой ауылында  Гүлсара  Батырова ауыл әкімі берген 20 метр матадан бетперде тігуде.  Бұған дейін өзінің матасынан 20 маска тігіп, 150 теңгеден сатқан екен. Ал Көздіғара негізгі мектебінің технолоия пәнінің мұғалімі Бәтима Батырова 50 маска тігіп, оны мұғалім, мектеп қызметкерлеріне таратыпты. Енді оқушыларға арнап тігіп жатыр екен.

156CA3A8-6A87-4479-A602-9DFF7C33F474

Қособа ауылдық округінде  аудан әкімдігінен бөлінген матадан ауылдық округ әкімі  аппаратының қызметкерлері, технология пәнінің мұғалімдері,  ақылы қоғамдық жұмыста жүргендер және екі зейнеткер Бақытжамал Сейтекова, Күлаш Сұлтанғалиева маска дайындауда.

Бұлан ауылдық округінде  Кәсіпкер Н.Каженова  еріктілер қатарында өзінің матасынан 40 бетперде дайындап, ауыл тұрғындарына тегін берген.

Бұлдырты ауылдық округінде   дәрігерлік амбулатория қызметкерлері  өз қолдарымен тіккен 50 бетпердені емхана келушілеріне таратты. Бұлдырты орта мектебінің технология пәнінің мұғалімдері Талшын Ахметқалиева, Мәрзия Шапанова 150, Жанат Рамазанова 150 маска тікті.

A096B858-7620-4E13-BE70-C4FB4B8AAF70

Ж.Досмұхмедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің тігін шеберханасында 170 маска тігілді. Бұл жұмысқа үлесін қосқан «Күміс  алқа» иегері Эльмира Имашеваның еңбегі айтуға тұрарлық.

Аудан орталығында саттыққа маска тігетіндер де бар.  Олар бір данасын 200 теңгеден сатуда. Сондай-ақ тек өзінің  үй-ішіне, тума-туыстарына да маска тігіп берген қыз-келіншектер бар. Олардың қатарында Гүлназ Есенова, Индира Алшекеноваларды атауға болады.  

 Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале