7.06.2019, 12:34
Оқылды: 31

Библиоакция алтын баққа шақырды

Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен өткен библиоакция «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың алтын бағы» деп аталды.

библио 2

Аудан орталығындағы «Астана» саябағында өткен тағылымды шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай ұйымдастырылды.

 Акцияны аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ихласов ашып берді.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша құрылған кітап көрмесін кітапханашы Ақнұр Қаратаева таныстырды.

 Жиналғандар алдында орыс жазушысы Владимир Сутеевтің «Алма» ертегісінің желісімен қойылым, қызғалдақ туралы композиция көрсетілді.

Саябақта алма шырыны, алманың емдік қасиеті турасында түсінік беріліп, дәріхана мен кітап көрмелері жұмыс жасады.

Мереке шырайын ән мен мың бұралған би тобы кіргізді.

Шара аясында балаларға арналған сұрақ-жауап айдарына да кезек берілді. Мерекелік акцияда ұйымдастырушы-кітапхана ұжымы саябаққа жиналған балғын оқырмандармен бірге флешмоб биледі.

Ертай Бимұханов,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

библио 3 библио 5 библио

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале