26.04.2017, 11:42
Оқылды: 54

Библиотүн достарын жинады

Дүниежүзілік кітап күніне орай Зеленов аудандына орталығындағы кітапхана қызметкерлері «Кешқұрым кітапханада» атты тамаша кеш ұйымдастырды. Күнделікті кітапхана жұмысынан өзгешелеу болған кеш оқырман қауымға керемет көңіл-күй сыйлады.


Кітап әлеміне саяхат түрінде өткізілген мерекеде қонақтар «Өткеннен бүгінге, бүгіннен болашаққа» делінген бөлімде тарихи кітаптар мен жаңа заман әдебиеті өкілдерінің шығармаларымен танысса, «Ата салтым – асыл қазынам», «Мәңгілік құндылық» бөлімдерінде халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы жайында жазылған қызықты кітаптарды тамашалады.

Бұдан бөлек «Бір ел – бір кітап» атты бөлімде болған оқырман аталмыш акция барысында елімізге оқуға берілген барлық кітаптарды көруге мүмкіндік алды. Сондай-ақ ән мен би қызықты ойын-сауық ұйымдастырылған шара барысында шытырман оқиғалар мен қиял-ғажайыптар туралы жазылған кітаптарға қызығатын оқырмандарға арналған бөлімдер де болды.

Жасқа да кәріге де ұнаған кеште оқырмандар библиокафе қызметкерлері берген тапсырмаларды орындап, сыйлыққа тәттілерді алса, «Мен өз дауысымды кітапқа беремін» бөлімінде өздерінің сүйікті шығармалары туралы айтып, оқуға кеңес беретін кітаптарының тізімін жасады.

Көпшілікке ұнаған кеш би кешіне ұласты.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале