5.09.2019, 12:53
Оқылды: 145

Білім ордасына сый жасады

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қаратөбе ауданы Аққозы мектебінде ізгі іс жүзеге асты.

dombyra

«Бөлекбай» шаруа қожалығының жетекшісі Тимур Бөлекбайұлы білім ордасына демеушілік жасады.

Қожалық иесі Тимур ұлттық мұраны, дәстүріміз бен мәдениетімізді жаңғыртып, мектеп оқушыларына 10 дана домбыра сыйға тартты.

Сонымен қатар «Салық» шаруа қожалығының жетекшісі Салық Ермекұлы мектептің 10-сынып оқушысы Эльмира Рафаэльқызына шәкіртақы табыстады.

Шарада округ әкімі Қоныс Мұқанов, аудандық «Рухани жаңғыру» кеңсесінің әкімгері Айгөлек Андирова, мектеп директоры Айгүл Мәлікқызы сөз сөйлеп, қожалық жетекшілеріне алғыс айтты.

Тоты Есқайырова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале