28.04.2017, 18:11
Оқылды: 32

Туризмді дамыту жайы талқыланды

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта еліміздегі балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында «Білім. Туризм. Интеграция» атты ғылыми-практикалық конференциясының көшпелі семинары өтті.


Семинарға еліміздің 5 облысынан келген мәртебелі меймандар алдымен «Даңқ» саябағы мен аудандық тарихи-өлкетану мұражайында болып, аудан тарихынан мағлұматтар алды.

Абай атындағы мектеп-гимназияның қосымша білім беру педагогтары Әди Темірболатов «Тау туризмі техникасы», Оксана Ефремова «Бард әндері» сабақтарын өткізді. «Ақжайық» балалар саяхат кешенінде «Туризм» үйірмесінің жетекшісі Азат Ғилман «Су туризмі техникасы», Ақтілек Тілегенова «Жаяу туризмі техникасы», «Экология» үйірмесінің жетекшісі Жазира Катчакова «Құстар - біздің досымыз» атты шеберлік сабақтарын ұсынды.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале