16.06.2017, 14:50
Оқылды: 46

Білімді түлектерді қабылдады

Бөкей Ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов «Алтын белгі» мен «Ерекше аттестат» иелерін қабылдады.

 Биылғы жылы аудан мектебін 150 оқушы тамамдаса, соның бесеуі «Алтын белгі» иегері деп танылса, сегізі «Үздік аттестат» иесі атанды.

Жас өрендер өмірінің есте қалар қуанышты сәті көп болсын деген лебізін білдірген Нұрлан Сағынтайұлы бүгінгі заманда оқу, білімге мол мүмкіндік барлығын әрі болашаққа қаланар қазық-білімде екеніне басты назар аударды. Бұл шырайлы кездесуде балаларға жақсы тәлім-тәрбие берген ата-аналар мен мектеп директорларына өңір басшысы А.Көлгінов пен аудан  әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.

Кезегі келгенде «Алтын белгі» иелері де кішкене жүректерін жарып шыққан риясыз пейілдерін жеткізіп, жиынға қатысқандармен естелік суретке түсті.

Гүлнар ТАСБОЛАТҚЫЗЫ

Бөкей Ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале